$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2020, 10:48
Қоғам

Ақмола облысында Аршалы ауылының халқы бірнеше айдан бері жарықсыз отыр

Жергілікті билік электр желілерін 6 наурызға дейін қалпына келтіруге уәде берді

Ақмола облысында Аршалы ауылының халқы бірнеше айдан бері жарықсыз отыр

Ақмола облысы Аршалы ауданының орталығында жарты жылдан бері электр энергиясы мәселесі шешілмей келеді. Тұрғындар әкімдіктен үміт үзіп, өз проблемаларын әлеуметтік желілерге жаза бастаған.

Аршалы тұрғындарының айтуынша, жел тұрса болды, кей көшелерде жарық мүлдем сөніп қалады екен. Генераторы барлары соның көмегімен энергия алса, жоқтары тас-түнекте май-шаммен отыруға мәжбүр.

«Ауыл әкімдігі бұл проблемадан хабардар. Бізге Жаңа жылдан кейін электр жарығымен проблема болмайды деп уәде берген. Одан бері екі ай өтті, бірақ проблема әлі шешілмеді», - деп жазды Ким Самал есімді Facebook қолданушысы.

Әкімдік проблеманы дер кезінде шеше алмаған соң мәселеге «Nur Otan» партиясының Ақмола облысындағы филиалы араласты.

«Тұрғындардың шағымынан кейін комиссия құрылып, Аршалы ауылының орталық көшесін тексеруге барды. Комиссия мүшелері тұрғындардан түскен ақпараттың рас екеніне көз жеткізді. Ауыл әкімі Ғабдулла Қаржаубайұлы тексеру тобына жарықтың ауа-райы қолайсыздығына байланысты өшіп қалғанын айтқан. Ол істен шыққан электр желілері 6 наурызға дейін қалпына келеді деп уәде берді. Біз бұл проблеманы назарда ұстап отырмыз», - деді «Nur Otan» партиясының Ақмола облысындағы филиалы инспекторы Алмаз Алпысбаев.

Айта кететіні, 16 ақпан күні «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкентке жасаған сапары барысында «Таскен» шағынауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Дәл осындай жарық проблемасы аталған елдімекенде де бірнеше жылдагн бері бар. Шағынауданда 2 мыңнан астам үй бар. Халық электр энергиясы тапшылығын сезініп келеді. 

Қала және аудан әкімдері проблеманың барын мойындап отыр. Олар биылдан қалдырмай энергия тапшылығын жою мақсатында жұмыстардың жүргізетінін айтты. Сондай-ақ, елдімекен ішіндегі жолдарды жөндеп, жарық шамдарын орнатуға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары