$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2022, 10:13
Қоғам

Маңғыстау облысында 2023 жылдың соңына дейін «Жылы жағажай» мен Сарша елдімекені газбен қамтылады

Аталған аймақты газдандыруды Мемлекет басшысының өзі тапсырған болатын

Маңғыстау облысында 2023 жылдың соңына дейін «Жылы жағажай» мен Сарша елдімекені газбен қамтылады

Облыста «Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін қайта құру» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл «QazaqGaz» ҰК АҚ есебінен қаржыландырылатын Сарша елдімекені мен «Жылы жағажай» курорттық аймағын газбен қамту мәселесі шешілетінін білдіреді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауды газбен қамту жағдайына ерекше назар аударған болатын. 2021 жылдың қыркүйегіндегі облысқа жұмыс сапары барысында ол Сарша аумағынан бастап «Жылы жағажай» аумағына дейін газ құбырын тарту осы аумақта орналасқан Құрық елді мекенін және ондағы өндірістік, курорттық нысандардарды да газдандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуы мен туристік әлеуетінің дамуына да тың серпін бермек.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында Маңғыстау облысындағы Құрық ауылынан Сарша елдімекеніне дейін газ құбырын тарту жұмыстары басталды.

Қазірдің өзінде 7 шақырым құбыр тартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтаусыз жүруде.  Құрылыс алаңына 9170 метр пластик құбырлар жеткізіліп, 11500 метр жер асты қазу жұмыстары жүргізілді.  Жобаның тапсырыс берушісі – «ҚазТрансГазАймақ»АҚ, бас мердігері – «Қағам» ЖШС.

Жоба 2023 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары