Алматыдағы алып тиіннің орны ауысатын болды

Автор: Azattyq Rýhy

«Атакент» алдындағы алаңды абаттандырудың жаңа жобалары қоғам талқысына ұсынылмақ

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы алып тиін мүсіні «Атакент» іскерлік ынтамақтастық орталығының кіреберісінен ішкі аумағына көшірілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Алып тиіннің бұдан кейінгі тағдыры қалай болатыны жайында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбеков айтып берді. 

«Бұл тиін мүсініне қатысты қала тұрғындаиының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдау білдіріп, қала бергенін қаласа, енді бірі «мүсін қала көркін бұзып тұр» деп қарсылық білдірді. Тұрғындар пікірін ескере келе, біз тиін мүсінін толық бұзбау туралы шешім қабылдаған. Ол қалпына келтіріліп, «Атакент» аумағының ішкі жағына орнатылатын болды», – деді аудан әкімі. 

Алтай Рахымбетов сондай-ақ, қазір «Атакент» алдындағы алаңды абаттандырудың жаңа жобалары әзірленіп жатқанын атап өтті. Ол жоба үлгілері алдағы уақытта қоғам талқысына ұсынылатын болады.