14.02.2020, 10:31
Қоғам
«Топастанграмм»: Ахметбек Нұрсила жұлдыздарды «шегірткеге» теңеді
Ол инстажұлдыздар халықты топастандырып жатыр деп есептейді
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Ашық алаң» бағдарламасында қазіргі шоу-бизнес өкілдеріне өкпесін айтып, оларды «халықты топастандырып жатыр» деп айыптады.
«Жұлдыз» деген сөзді қайдан тауып алғандарын білмеймін, мен «шегіртке» деп атаймын оларды. Миллиондап оқырман жинап алған шетінен «шегірткелер». Дамыған елдерде мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс. Біздікілердің халықты топастандырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сол себепті мен «инстаграммның» атын «топастанграмм» деп қойдым қазір», - деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, ол оңай олжалы болу үшін лотерея ойнатып жатқан шоу-бизнес өкілдері мен қоғам белсенділерін сынға алды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды