«Қазақтарға рақмет»: Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратына орыстар гүл әкеліп жатыр (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Ресейде 21 қыркүйектен бері мобилизация жарияланған

«Қазақтарға рақмет»: Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратына орыстар гүл әкеліп жатыр (ВИДЕО)

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының алдына гүл мен алғыс жазылған плакаттар қойылған. Instagram әлеуметтік желісіндегі ZTB.kz парақшасында аталған жайттың видеосы жарияланды. Видео авторының айтуынша, бұл Британиядағы ресейліктердің әрекеті екен. Олар мобилизацияға байланысты Қазақстанға ағылған РФ азаматтарын құшақ жая қарсы алған қазақтарға алғыс білдіріп жатқан көрінеді.

Айта кетейік, РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте елде ішінара мобилизация жариялап, ер азаматтарды әскерге, одан әрі Украинада болып жатқан соғысқа тартуды бұйырды. Соғысуды қаламаған ресейліктер сол уақыттан бері жаппай Қазақстан мен Грузияға ағылып жатыр.

Қазақстанға келген Ресей азаматтарына жергілікті тұрғындар жан-жақты көмектесуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.