$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

МӘМС-ке 300 мың мұғалім ай сайын қаражат аударса да дәрігердің қабылдауына кіре алмай отыр – депутат

Қазір қорға қосымша қаражат тарту мәселесі қаралып жатыр

МӘМС-ке 300 мың мұғалім ай сайын қаражат аударса да дәрігердің қабылдауына кіре алмай отыр – депутат

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ай сайын қаражат аударғанымен, мұғалімдер дәрігердің қабылдауына кіре алмайды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Биыл жазда депутаттар өңірлерді аралаған кезде мұғалімдер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты көптеген сауал жолдаған болатын. «Қорға ай сайын ақша аударып отырсақ та емханаға жылына 1-2 рет қана барамыз. Бізге қызмет қолжетімсіз. Бізді кезекке қояды. Онысы екі айдан кейін ғана келеді» деген шағымдарын жеткізген болатын. Сапасына қатысты емес, қарапайым дәрігерлердің қабылдауына кіре алмай отыр. Қазақстан бойынша 300 мыңнан астам мұғалім бар. Олардың барлығы сақтандыру қорына ай сайынғы қаражат аударып отыр», - деді депутат.

Медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Айдар Нұралиевтың айтуынша, қазір қорға қосымша қаражат тарту мәселесі қаралып жатыр екен.

«Қаржы министрлігі 25 млрд теңге бөлді. Қосымша тағы 36 млрд теңге сұрағалы жатырмыз. Медициналық қызметтің қолжетімді болуы қаржыландыруға тікелей байланысты. Бізде тарифтың өсімі өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артып отыр. Бұған қоса, өңірлерде кадр тапшылығы туындап отыр. Осы мәселені де назарға алу керек», - деді Айдар Нұралиев.

Серіктес жаңалықтары