ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Ақмола облысында 720-ден астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарылды

Ақмола облысында алкоголизммен ауыратын 5 мың адам есепте тұр

Ақмола облысында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өңір полицейлері 720-ден астам ақмолалық әйелді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шара Ақмола облысында 22 күнге созылды. Іс-шараның басты мақсаты - отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Полиция қызметкерлері атап өткендей, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе отбасындағы зорлық, дене жарақатына, эмоциялық және  қаржылық зардаптарға әкеп соғады. Отбасының ыдырау қаупі туындайды. Бұл ретте отбасының барлық мүшесі, балалар зардап шегеді. Тәжірибе көрсеткендей, әрбір әйел өзінің отбасылық мәселелерімен полицейлерге келе бермейді. Отбасында қылмыстарға жол бермеу үшін полицейлер алдын алу рейдтерін өткізуде.

«Тұрмыс» іс-шарасының 22 күні ішінде тәртіп сақшылары 726 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесті. «Ас үй жауынгерлеріне» қатысты 333 қорғау нұсқамасын шығарды, 49 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қойды. Денсаулыққа зиян келтіргені және ұрғаны үшін 96 ақмолалық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 5 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Олар Көкшетау, Щучинск, Степногорск, Ерейментау қалаларында орналасқан», – дейді полиция өкілдері.

2020 жылы полиция қызметкерлері , мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің күшімен орталықтарға - 92 адам, оның ішінде 57 бала жеткізілді. «Тұрмыстық» арнайы операция кезінде орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 5 әйелді жіберді.

Тағы бір маңызды міндет – мас күйінде жасалған қылмыстың алдын алу. Талдау көрсеткендей, маскүнемдік салдары ауыр және аса ауыр қылмыстардың, мүлікті ұрлаудың және басқа да жазатайым оқиғалардың, жол – көлік оқиғаларының себептеріне айналады. Бүгінгі таңда Ақмола облысында алкоголизммен ауыратын 5 000 адам есепте тұр.

«Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қосымша спирттік ішімдіктерді пайдаланатын 188 адам, қолайсыз 69 отбасы есепке алынды. Полиция қызметкерлерінің міндеті-алкоголизмнен зардап шегетін адамдарды емдеу-профилактикалық мекемеге жіберу. Полиция қабылдаған шаралармен алкогольге тәуелділігі бар 25 ақмолалық емдеу мекемелеріне орналастырылды», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу маскүнемдіктің алдын алудың және мас күйінде жасалатын қылмыстардың өсуіне жол бермеудің пәрменді шараларының бірі деп таниды.