«Киара» дауылы Ұлыбританияны астаң-кестең етті

Автор: Azattyq Rýhy

Желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін жетіп, нөсер жаңбыр толастамай тұр

Жойқын желден мыңдаған адам баспанасынан айрылды. Электр желілері үзілгендіктен жарық та жоқ, деп хабарлайды bbc.com. Құлаған ағаштар көліктерді жайпап тастаған. Қазір Ұлыбританияның барлық аумағында қауіпті жасыл түс деңгейі енгізілді. Көптеген аймақтарда тасқын жүру қаупі жоғары. Бірнеше әуе компаниялары халықаралық және ішкі рейстерін қысқартып жатыр. Әуеден бөлек, теміржол көлік пен кеме қозғалысы да тоқтатылды.

Синоптиктердің мәліметінше, «Киара» дауылы осы аптаның соңына дейін жалғасады.