Қазақстанда баспанаға мұқтаж жандар саны алдағы 7-8 жылда 10 миллионға жетуі мүмкін
Мамандары отандық құрылыс материалдары өндірісін дамыту қажет дейді
Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны алдағы 7-8 жылда 10 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, халықты тұрғын үймен қамту қиын. Себебі баспананың бағасы шарықтап кеткен.
Сала мамандары түйткілді мәселені шешу үшін отандық құрылыс материалдары өндірісін дамыту қажет дейді. Әрине, мемлекет тарапынан қолдау керек. Сондай-ақ құрылыс саласында бәсекелестікті арттырған жөн.
«Біз құрылыс саласындағы бәсекелестікті арттыруымыз керек. Сондай-ақ ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңдарды дұрыс қабылдамайынша баспана бағасы өсе береді. Құрылыс саласын цифрландырмайынша, материалдар да қымбаттайды», - деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.