$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2020, 12:48
Қоғам

Ауа райына байланысты еліміздің 10 аймағында ескерту жарияланды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады

Ауа райына байланысты еліміздің 10 аймағында ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда​ қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні - 15-20 м/с, 23 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын , көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады. Желдің күші - 9-14 м/с. 8-9 ақпанда түнде ауа температурасы күрт төмендейді, аяз -10 -20 градус.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында​ да тұман түсіп,​ көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысында боран, тұман, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, боран боалды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Желдің күші - 15-20 м/с.

Павлодар облысында​ боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні - 15-20 м/с, 2 3 -28 м/с.

Төтенше жағдайлар комитеті дауылды ескерту туралы​ хабарламаларды елеусіз қалдырмауды және сақтық шараларын орындауды сұрайды:

  • Дауылдан жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, автобус аялдамаларының, ағаштардың,​ артында, үй қабырғаларының жанында жасырынуға, көпірлерде, жол өтпелерінде, эстакадаларда, тез тұтанатын және улы заттарды сақтайтын орындарда, шатырларда, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға, үзілген электр сымдарына жақындауға болмайды.;
  • Автокөлікті ағаштардың, билборд​ құрылымдар мен электрсымдарының астына тұраққа​ қоймаңыз.
  • Тыныштық сақтаңыз, үрейленбеңіз, қажет болған жағдайда балаларға, мүгедектерге, балаларға, қарт адамдарға, зардап шеккендерге көмек көрсетіңіз;
  • Ауылдық жерлерде тұратын халыққа ауа райы қолайсыз болған кезде алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береміз кеңес береді.
Серіктес жаңалықтары