07.10.2019, 10:03
Қоғам
Қазақстанда 2 млн адам кедейлік шегінде өмір сүреді
Олардың дені оңтүстік облыстарда тұрады
Көрнекі фотосурет
Елімізде кедейлікте өмір сүріп жатқан адамдар саны 2 миллионға жеткен деп хабарлайды «Хабар-24». Бұл цифра атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында анықталған.
Айта кетейік, аталған көмек түрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға төленіп келеді. Бүгінде елімізде 405 отбасыға немесе 2 миллион адамға көмектің осы түрі көрсетіледі.
Атаулы әлеуметтік көмек үшін биыл бюджеттен 204,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржының 70 пайызы төленген. Көмекке мұқтаждардың дені Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Шымкентте тұрады екен. Ал, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны аз.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды