$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2019, 10:33
Қоғам

Қазақстанда бойдақтар отбасылы адамдарға қарағанда етті екі есе көп жейді – статистика

Тұрғындар арасында сиыр етіне сұраныс жоғары

Қазақстанда бойдақтар отбасылы адамдарға қарағанда етті екі есе көп жейді – статистика

Қазақстанда бойдақ адам бір тоқсанда шамамен 36 кг ет және ет өнімдерін жейді. Ал, екі баласы бар бүтін бір отбасының әр мүшесі одан екі есе аз, яғни 18 кг ет тұтынады деп жазады energyprom.kz порталы.

Сарапшылар мәліметінше, соңғы бір жылда елімізде жылқы еті 15 пайызға қымбаттаған. Содан болу керек, оны тұтынушылар саны 6 пайызға азайыпты. Әсіресе, ауыл тұрғындары арасында етке деген сұраныс айтарлықтай төмендеген. Соңғы бір жылда барлық ет және ет өнімдеріне баға өскен. Оның ішінде тауықтың сан еті 19,3%, қыркүйек айында 822,6 теңгеден сатылған. Тауықтың еті 18,6%- 897,9 теңге, қой еті 16,8 %- 1676 теңге, ал сұранысқа ие сиыр еті 15,1 пайызға дейін қымбаттап, килограммы 1748 теңгеге жеткен.

Етті және ет өнімдерін ең көп тұтынатын қазақстандықтар Қарағанды облысында тұрады. Мұнда әр адам бір тоқсанда шамамен 22,8 кг ет жейді екен. Екінші орында Алматы – 22,5 кг, үшінші орында Атырау облысы – 22,4 кг.

Қазақстандықтар арасында сиыр етіне сұраныс көп. Сондай-ақ, фарш пен қой еті де ел тұрғындарының сүйікті асы болып есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ет #ет өнімдері