03.08.2022, 11:43
Қоғам
Болат Назарбаевтың жақындары оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтты
Тұңғыш президенттің інісі қатерлі ісікке шалдыққан
Фото ашық дереккөзден
Анонимді Telegram-каналдарда Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда кәсіпкердің жақындары бұл хабарды жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Бәрі дұрыс, алаңдамаңыздар. Жағдайы жақсарып келеді. Елдің өсегі ғой. Алла ғұмыр берсін», - деді Болат Назарбаевтың жақындары.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түспегенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың үлкен қызы Гүлмира Әбішева БАҚ-қа сұхбат беріп, әкесінің ауыр науқас екенін мәлімдеген еді. Тұңғыш президенттің інісі қатерлі ісікке шалдыққан.
Көп оқылған
11.02.2026, 17:25
Рамазан-2026: Қазақстанда пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекіді
11.02.2026, 12:58
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Бас прокуратура күдікті күйеуі мен енесіне қатысты тың мәлімет жариялады
11.02.2026, 11:30
«Он алты жұмыртқамды мұздатып қойдым»: Қазақстанда аналық жасушаны «қатыру» үшін неше теңге кетеді
11.02.2026, 20:11
Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды