Қорғаныс министрлігінің полковнигі пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Министрліктің БҚО бойынша департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен уақытша қамауға алынды

фото: Батыржан Беспаев

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, «ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ басшысын әшкереледі.

«Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Орал қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі