$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 10:25
Қоғам

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы миллиардтаған табысын жасырған

Бас прокуратура пайданы төмендетіп көрсету фактілерін растады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы  миллиардтаған табысын жасырған

Бұдан бұрын, «Ақ жол» фракциясы депутаттары металлургиялық компания салықты азайту мақсатында экспорттан түскен пайданы жасырып қалғанын және отандық компаниялар алдындағы оның берешегі барын айтқан еді. Мәжілісмендердің сауалына ресми жауап берген Үкімет пен Бас прокуратура бұл заңбұзушылықтарды жемқорлық ретінде қарастырудан бас тартты, деп хабарлайды «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі.

«Экспорттан түскен пайданы жасыру мәселесі бойынша Қаржы министрлігі бақылау жүргізді. Нәтижесінде Иран мен Қытайға болат өнімдерін экспорттау кезінде бағаны төмендету фактілері анықталды. Бұл өз кезегінде төленетін салықтардың мөлшеріне әсер етті. Осыған байланысты экспорттан түсетін табыс мөлшерін 20 млрд теңге етіп түзету туралы хабарлама жіберілді», – делінген ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың партияға берілген жауабында.

Серіктес жаңалықтары