Шымкенттегі денсаулық сақтау саласы жеке кәсіпкерлер есебінен дамиды

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл Шымкент әкімдігі инвесторлар есебінен 7 емхана салуды көздеп отыр

Халқы жылдан-жылға өсіп келе жатқан Шымкент қаласының медицина саласына инвестиция салуға кәпікерлер қызығушылық танытып отыр.

Мәселен, өткен жылы «Инновациялық зияткерлік технологиялар акадамиясы» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қаладағы медициналық мекемелерді 100 пайыз компютермен қамтыған. Яғни, компания осы мақсатқа 1901 компьютер сатып алған. Жобаны жүзеге асыру үшін 600 миллион теңгедей қаржы жұмсапты. Осының арқасында былтыр шаһардағы 121 нысаны электрондық форматқа ауыстырылып, қағазсыз құжат айналымы жүргізіле бастаған.

Бүгінде Шымкенттегі мемлекеттік медициналық ұйымдардарда 902 278 тұрғын тіркелген, оның ішінде толтырылған электрондық денсаулық паспорты 100 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, бүгінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында медициналық мекемелердегі құрал-жабдықтарды жаңарту жүзеге асыруды көзеп отыр. Қала басшылығы шаһарағы ауруханаларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 10 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсай алатын инвесторлар іздестіріп жатқанын айтады. Емханалардағы да кұралдар жаңарып жатыр екен.

«Биыл "Олимп Медикал групп" ЖШС жеке бастамасымен "Шымкент қаласында маммологиялық скрининг қызметін ұсыну және қалалық емханаларда маммологиялық кабинеттерді жалға алу арқылы" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы басталды. Жоба бойынша жалға алынған ғимаратта маммологиялық орталық құрылады, 4 жыл ішінде 8 емханадағы ескірген маммографтарды жаңасы орнатылуы керек, маммографиялық кабинеттердің медицина қызметкерлерін жұмысқа алу және оларды оқыту, олардың біліктілігін арттыруы жұмыстары іске аспақ,. Ең бастысы бұл жоба бойынша әйелдерде сүт безі обырын ерте сатысында анықтау бойынша тегін әріп сапалы медициналық көмек көрсетуге басымдық беріліп отыр. Жоба қазіргі уақытта шартқа қол қою сатысында»- дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқан Байдуалиев.

Тағы бір айта кететін жоба, 2019 жылы "ВВНура" ЖШС-нің жеке қаржылық бастамасы бойынша іске аспақ. Бұл жоба бойынша компания өкілдері №1 Қалалық клиникалық ауруханасының базасын жалға алу негізінде эфференттік терапия және гемокоррекция орталығын құрады. Бұл жоба қалаға өте қажет, бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарды емдеуге бағытталған жоба. Компания өз есебінен медициналық қызмет көрсететін нысанды жөндейді, үй-жайды жалға алу ақысын төлейді, стерилдеу кабинетін құрады, қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандырады және жоба аяқталғаннан кейін гемодиализ жөніндегі барлық жабдықты мемлекеттік әріптеске береді. Орталықтың жұмыс істеуі үшін 20 бірлік гемодиализ жабдығы қойылады деп жоспарлануда. Мұндағы инвестиция құны барлығы 233,683 млн теңгені құрап отыр.

Биыл Шымкент әкімдігі инвесторлар есебінен 7 емхана салуды көздеп отыр. Халқы жыл санап өсіп келе жақан қалаға медициналық мекеме салуға кәсіпкерлер де ниетті. Бүгіннің өзінде бірнеше жоба бойынша келісім бар екен. Бірақ оған жергілікті биліктің өзіндік талаптары бар.

«Денсаулық сақтау саласының негізгі бағдарламасы бойынша, емхана адамды тіркеп, скрининг жасап, жеңіл-желпі ауырып трса қарап,  егер ота жасатқан болса соны оңалтумен айналысады. Яғни, ота жасатқан науқасты тіркеуге алып, денсаулығын бақылауға алып, дәр-дәрмегін уақытылы беріп тұру керек. Емхана деген халыққа қол жетімді болу керек. Оның қасында міндетті түрде оңалту орталығы болуы шарт. Қазір бізде инвесторлар салатын емханалардың барлығының жоғарғы қабатында оңалту орталығы болу керек. Ауырсаң да, аварияға түсіп қалып жүре алмай қалсаң ешкімге керек болмай қаласың. Оған ауруханада жату тиімді емес. Ол үшін ауруханаға барып жату керек, саған тамақ беруі қажет. Ал оңалту орталығы бар емханаға келіп күндіз еміңді алып, кешке үйіңе қайтасың. Мен инсульт алып 10 жылдан бері жүре алмай қалған адамның қаладағы жекеменшік емхананың оңалту орталығында емделіп жүріп кеткенін көрдім. Осыны біз жүзеге асыруымыз керек»- дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

 Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікпен бүгінде қаланың Қайтпас-1 шағын ауданында жаңадан үлкен емханада салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын "Атамекен Корпорациясы" ЖШС-гі жүргізіп жатыр екен. Жобаның жалпы құны 3,177 млрд теңгені құрайды. Мұнан өзге  "Медикер-ЮК"ЖШС бастамасымен халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшін қалалық емхана құру бойынша 10 жылға шарт жасалған. Жеке емхананың жұмыс істеуі өз кезегінде жақын маңдағы №8 және 13 емханалардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. Қала тұрғындары арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді және халыққа көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ететін көрінеді.

Сонымен қатар, қаладағы  №9,11,12 (ескілердің орнына) қалалық емханалар мен 4 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысы салыну жоспарлануда.  "Мейірім" оңалту орталығы және №2 оңалту орталығы мен қалалық балалар клиникалық ауруханасы жанындағы инфекциялық және консультациялық-диагностикалық бөлімше корпусы, перзентхана бөлімшесінің корпусы салу және пайдалану бойынша жобалар жоспарлануда. Одан өзге, 11 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Осы жобалар бойынша қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.