«7-20-25» бағдарламасы бойынша 15 мыңға жуық өтінім мақұлданды

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық өтінімге берілетін қарыз сомасы  287,1 млрд теңгені құраған

ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында қарыз беруге 14 836 өтінім мақұлданғанын жариялады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы 23 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алуға 287,1 млрд теңге сомасына 25 354 өтінім қабылданды. Оның ішінде 169,9 млрд теңге сомаға қарыз беруге 14 836 өтінім мақұлданды, 144 млрд теңге сомаға 12 523 қарыз берілді», - делінген банк хабарламасында.

Егер «7-20-25» бағдарламасы бойынша қандай да бір сұрақтар туындайтын болса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен танысу мүмкіндігі бар.

Дереккөз: Елорда Инфо