Боранды күн райы апта соңына дейін сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

2020 жылғы 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Бұрыңғыдай республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавианың солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін, сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі»,- делінген мекеме таратқан баспасөз хабарламасында.

 Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5...8°С-қа, солтүстік облыстарында 8…13°С-қа жоғары сақталады.