$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2020, 11:01
Қоғам

БҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Сот үкімімен ол 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды

БҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды
Фото: ашық дереккөзден

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаров орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болған», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары