Сондай-ақ, елімізде жаңадан үш облыс құрылады
Қапшағай қаласына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Президент бұл ретте алдымен халықтың пікірімен санасатынын мәлімдеді.
«Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тағы үш жаңа облыс пайда болатынын мәлімдеді. Оның бірі – Абай облысы (орталығы – Семей), екіншісі – Ұлытау облысы (орталығы – Жезқазған) және үшіншісі – Жетісу (орталығы – Қапшағай).