Ол террористердің негізгі мақсатын да атап өтті
Қаңтардағы оқиғаларға байланысты терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс отырсында Бас Прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдары аталған оқиғаларға қатысы бар күдіктілерді әліге дейін іздестіріп жатыр.
«Бұл жерде жаппай тәртіпсіздік пен терроризм актілерінің айырмашылығы неде екенін түсіндіргім келеді. Тәртіпсіздік пен террористік шабуыл кезінде зорлық-зомбылық орын алады. Бірақ тәртіпсіздік танытқандар билікке ешқандай талап қоймайды. Ал, террористік актілердің мақсаты – халықты қорқыту және мемлекеттік органдардың қызметін әдейі тоқтату. Олар билікке талап қояды, стратегиялық нысандар, билік пен құқық қорғау органдары қару-жарақпен басып алуды көздейді», - дейді Бас Прокурор.
Оның айтуынша, террористер басып алмақ болған обектілердің қатарында әкімдік, әуежай, ҰҚКД, полиция ғимараты, телеарна мен байланыс орталтықтары болған.
Қылмыстық кодекстің 255-бабына сәйкес мұндай әрекеттер терроризм актілері ретінде сараланады.
«5 қаңтарда 2 полиция департаменті және ҰҚК-нің Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы 3 департамент ғамараты ішінде қаруы болса да, қараусыз қалды. Осы фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы қаласы ҰҚКД бастығы қамауға алынды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергелуде. Бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - дейді Берік Асылов.