18 жасқа дейінгі балалар мүгедектікті растайтын анықтаманы Egov.kz арқылы ала алады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа функцияны ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен пайдалана аласыз

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на бармай, 18 жасқа дейінгі баланың мүгедектігі туралы ақпаратты онлайн режимде растауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды «ЕРДО» АҚ-ның PR басқармасы.

Жаңа қызмет egov.kz электрондық үкімет порталында «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Мүгедектерді қолдау» бөлімінде қолжетімді. Сіз жаңа функцияны ЭЦҚ және /немесе бір реттік пароль көмегімен пайдалана аласыз.

«Бұрын портал арқылы мүгедектікті растайтын құжатты ересектер ғана ала алатын, ал мүгедектігі бар кәмелетке толмаған баланың ата-аналары растау алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келуі керек болатын. Жаңа қызмет бұл процесті едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді », – деді, ЕРДО Мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Серік Тоғызбай.

 

 

 

 

Тегтер: