$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2022, 17:43
Қоғам

«Ұлыма қарайлап жүрші»: Қаңтар қырғынында қаза болған полицейдің жары мен досына жазған соңғы хаты жарияланды

Ол 5 қаңтарда бүлікшілердің шабуылынан қаза болды

«Ұлыма қарайлап жүрші»: Қаңтар қырғынында қаза болған полицейдің жары мен досына жазған соңғы хаты жарияланды

Қасіретті қаңтар кезінде қаза болған полиция аға сержанты Ален Асылхановтың жары Ұлмекен Макашеваға және досына жазған соңғы хатының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаза болған полицейдің жары Ұлмекен Макашева сүйіктісінің соңғы хатын Instagram парақшасында жариялады. Ол жарын жақсы көретінін айтып, ал досынан ұлына қарайлап жүруді сұраған. Хаттың түпнұсқасы төмендегідей:

Айта кетейік, қаңтар қырғыны кезінде бүлікшілер алдымен қару-жарақтарға ие болу үшін полиция департаментінің ғимараттары мен қару-жарақ сатылатын дүкендерге шабуыл жасаған.

«Сүйіктімнен қапыда айырылып қаламын деп ойламаған едім. Отау құрған үш жылдан аса уақытта бір-бірімізге дауыс көтеріп те, тіпті ренжісіп те көрген емеспіз. Арамыздағы сезіміміз ерекше еді. Тек бір-біріміздің қасымызда көбірек болсақ, уақытымызды бірге өткізсек дейтінбіз. Отбасылық өміріміз тек бір-бірімізді жақсы көрумен өтті. Енді өзімді жетім қалғандай, ешкімге керек емес күйде сезініп жүрмін.

Оның өмірден өткеніне бір айдан аса уақыт өтті. Күнде кешке елеңдеп, есік жаққа қарай беремін. Таңертең жұмысына кетіп, кешке келетін сияқты әсерде жүремін», - дейді батырдың жары Ұлмекен көзіне жас алып.

Ален Мұхитұлы Асылханов 1993 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Бүлікшілердің шабуылынан 5 қаңтар күні қаза тапты. Ол – ата-анасының жалғыз баласы. Аленнің артында ата-анасы, жары мен бір жарым жасар ұлы қалды.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында қаза болған полицейлердің жақындарына көңіл айтып, наградалар тапсырған болатын. Қаза болған Ален Асылханов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Серіктес жаңалықтары