$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2022, 12:32
Қоғам

«Жалған ақпарат таратпауды сұраймын»: Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желілерде тіркелмегенін айтты

Оның атынан бірнеше парақша ашылған

«Жалған ақпарат таратпауды сұраймын»: Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желілерде тіркелмегенін айтты
Vlast.kz

Қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желілерде өз атынан ашылған парақшаларға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ол Facebook пен Instagram желілерінде мүлдем тіркелмеген деп жазады StopFake порталы.

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушыларс аны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов әңгіме барысында Stopfake.kz-ке бұл аккауеттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:

«Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын», - деп мәлімдеді қайраткер.

Серіктес жаңалықтары