Қасыр мен шибөрі қоршаған ортаға шығын келтіретін аңдардың тізіміне жатады
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Қазақстанда қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілгенін хабарлады. Оның айтуынша, аңшылар электронды портал арқылы аңды атуға рұқсат алады.
«Мемлекеттік экологиялық сараптама жасау бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағындағы қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітіледі. Әрбір аңшы электронды портал арқылы онлайн өтінім бере алады. Интернет болмаған жағдайда, рұқсатты кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады», - деп жазды.
Алматы облысында 1,5 мың, Атырау облысы бойынша 903 қасқыр.
«Қасыр мен шибөрі халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және өзге де үй жануарларын аурулардан сақтап қалу, қоршаған ортаға шығын келтірмеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай шығын келу қаупін болдырмау мақсатында саны реттеу жататын аң түрлеріне жатады. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі», - деді Сәкен Ділдахмет.