$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 16:36
Қоғам

2019 жылы Қазақстанда 115 800 пәтер пайдалануға берілген

Қолданысқа берілген баспананың жалпы аумағы 13,1 млн шаршы метрді құрайды

2019 жылы Қазақстанда 115 800 пәтер пайдалануға берілген
Almaty.tv

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы елімізде 115 800 пәтер пайдалануға берілген деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 2018 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 104,9 пайызды құрайды.

Былтыр салынған пәтерлердің 14,5 мыңы сатып алу құқығынсыз жалға берілген. Оның 6 266 – әлеуметтік аз қамтылған жандарға, 5 597 пәтер – көпбалалы отбасыларға, қалғаны мемлекеттік қызметте еңбек ететін жастарға табыс етілді.

2018 жылы Қазақстанда 12,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Елімізде тұрғын үй құрылысы саласындағы жұмыстар енді 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасын табады. Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға арналған бұл бағдарлама 2019 жылдың желтоқсан айында қабылданды.

Жаңа бағдарламада тұрғын үй құрылысы, азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары үйлестірілген.

Серіктес жаңалықтары