2019 жылы қазақстандықтар 11 трлн теңгеге тауар сатып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде азық-түлік емес тауарлардың үлесі басым

фото: smolnarod.ru

Өткен жылы Қазақстандағы бөлшек сауда айналымы 11,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5,8% жоғары көрсеткіш. Бұл туралы LS сайты хабарлайды.

Оның ішінде азық-түлік тауарларының үлесі 33,2% (3,8 трлн теңгеден жоғары), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 66,8% (7,5 трлн теңге шамасында). Тауарларды сату көлемі 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарларды 7,1%-ға өсті.

Бір жыл ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 58,1% (6,6 трлн теңге шамасында), жеке кәсіпкерлер мен қалалық сауда орталықтарының үлесі 41,9% (4,7 трлн теңгеден аса) құрады.

Жыл басынан бері еліміздегі көтерме сауда көлемінің өсімі 8,2%-ға өскен (26,1 трлн теңге).