Мародерлерден зардап шеккен тұрғындар сақтандыру ақысын қалай алады?

Azattyq Rýhy

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда сақтандыру омбудсменіне жүгіне аласыз

Фото ашық дереккөзден

Қаңтар айының басында еліміздің бірнеше қаласында болған бүлік пен лаңкестік шабуылдар салдарынан кәсіпкерлік нысандары мен тұрғындардың жеке мүлкі бүлінген болатын. Сондай-ақ, азаматтардың денсаулығына да зиян келтірілді. Қазір шығын көлемі әлі есептеліп жатыр. Ал, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зардап шеккен кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар сақтандырудан қаржысын қалай алуға болатынын түсіндіріп айтып берді.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың және кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне келтірілген зиянды сақтандыру сақтандырудың ерікті сыныптары шеңберінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарттары және сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерін алу тәртібі сақтандыру келісім-шарттарымен айқындалады.

Осылайша, егер азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, яғни нәтижесінде өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген оқиға болса, бірінші кезекте, жасалған сақтандыру келісім-шартының талаптарын талдау қажет», - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Келісім-шартта сақтандыру жағдайы ретінде қандай оқиға белгіленгеніне, сақтандыру сомасының және белгіленген сақтандыру төлемінің мөлшеріне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін алудан бас тартуға құқылы екендігіне және келісім-шарттың басқа да елеулі талаптарына назар аудару қажет.

Әрі қарай, егер сақтандыру шартында келтіріген шығындарды өтеу қарастырылған болса, сіз сақтандыру төлемін алу үшін келісім-шарт жасалған сақтандыру компаниясына жүгінуіңіз керек. Сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандыру компаниясына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартпен айқындалған.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда, Сіз өз құқығыңызды қорғау үшін сақтандыру омбудсменіне (мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28/7, «Бай – Тал» ТК аумағы, 2-қабат, электрондық поштасы office@omb.kz, телефоны: (727) 382-41-74, сайты: www.insurance-ombudsman.kz, немесе Агенттікке жүгіне аласыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.