Ақтөбе облысында күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 400 мың теңге пара алған
Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды. Қазір облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары, полиция полковнигіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасуға көмектескені үшін 400 000 теңге мөлшерінде пара алып, оны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды. Сот күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы қабылдайтын болады.