АҚШ-та Омикронның салдарынан алғашқы өлім тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

ДДСҰ басшысы мерекелік шараларды кейінге қалдыруға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарды коронавирустың «Омикрон» штаммынан барынша қорғану үшін алдағы мерекелер жоспарын кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC News-ке сілтеме жасап.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс Женевада өткен брифингте: «Кейін өкінбес үшін қазірден бастап барлық іс-шараларды басқа уақытқа ауыстырған жөн», - деді.

Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штаммы басқаларға қарағанда тезірек таралады, сондай-ақ, инфекция вакцинацияланған және жазылған адамдарға да жұға береді.

ДДСҰ басшысы сонымен бірге биыл Covid-19-дан қайтыс болғандардың саны 2020 жылғы АИТВ, безгек және туберкулезден көз жұмғандардың санынан асып түсетінін айтты.

Өз кезегінде АҚШ билігі Омикрон нұсқасы Америка штаттарында жылдам тарап жатқандығын мәлімдеді. Онда халықтың үштен бірі коронавирустың жаңа штаммын жұқтырып үлгерген екен.  

Жақында ғана Техас штатында Омикрон инфекциясы салдарынан алғашқы өлім тіркелді.