$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2021, 16:24
Қоғам

Карантин әлем елдеріндегі және Қазақстандағы туу көрсеткішіне қаншалықты әсер етті?

Қазақстандағы туу көрсеткішінің өсуі қандай факторға байланысты екені әлі зерттеуді қажет етеді

Карантин әлем елдеріндегі және Қазақстандағы туу көрсеткішіне қаншалықты әсер етті?
Көрнекі фото

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек ресурстарын дамыту орталығы пандемияның бала туу көрсеткішіне қаншалықты әсер еткені жайлы елдер арасында зерттеу жүргізді. Зерттеуге енген елдердің көпшілігінде карантиннің теріс әсер еткені анықталған.

Зерттеу барысында аталған орталық сарапшылары 2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылдың қарашасына дейінгі аралықты алған. Осы кезеңде әртүрлі елдердегі туу туралы нақты деректерді кейінгі 4-5 жылмен салыстырған және егер пандемия немесе басқа өзгерістер болмаса, туу инерциясы бойынша жүретін тренд мәндерімен де салыстырған. 

Португалия, Румыния және Чили сияқты елдерде туу деңгейі жылдағы көрсеткіштен 9%, 12% және 19%-ға төмен болғаны анықталды. АҚШ пен Швейцарияда 4 және 5 пайызға төмендеу болған. Бельгия, Италия, Словения, Испания, Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Франция елдерінде туу көрсеткіші 1,3-2,5%-ға төмендеді.

Алайда, кейбір елдерде карантин және онымен байланысты шаралар баланың дүниеге келуіне оң әсер етті. Мәселен, Тайвань, Нидерланды, Оңтүстік Кореяда нақты туу көрсеткіші жылдағы орташа көрсеткіштен 3,1-5,6%-ға асып түсті. 

Зерттеушілердің айтуынша, көрші Ресейде карантин мен бала табуды ынталандыру шараларының арқасында көптеген жыл бойы жалғасып келе жатқан туу көрсеткішінің төмендеуі қазір тоқтаған. Одан әрі өсім болуы ықтимал.

Қазақстанға келетін болсақ, елде туудың күрт өсуі 2020 жылдың 3-тоқсанынан бастап байқалады: дүниеге келген сәбиелер саны 116,7 мың (бұл 2019 жылдың 3-тоқсанына қарағанда 8,4%-ға артық). 2020 жылдың 4-тоқсанында өсім 2019 жылдың 4-тоқсанына қарағанда 9,5%-ға артқан. 2021 жылдың 1 және 2-тоқсандарында өсім 2020 жылға қарағанда қарағанда 8,4 және 10,7%-ға артық. 

Орталық сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда карантин бэби-бумға әкелді деген пікір кең таралған, алайда 2020 жылғы 3 және 4-тоқсанының көп бөлігінде бұл тұжырым теріс екенін аңғаруға болады екен.

2020 жылы туған балалардың көбі үйінде төртінші немесе бесінші болған. Демек ата-аналарды көпбалалыларға берілетін жәрдемақы ынталандырғанға ұқсайды. 

2020 жылы Қазақстанда 426 824 бала дүниеге келген, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 514 балаға көп. Бала туу өсімінің басым бөлігі (65%) төртінші баланың тууы есебінен қамтамасыз етілді. Бала туудың 24 пайызға өсуі балалардың туу кезегі бойынша бесінші есебінен қамтамасыз етілді. Осылайша, Қазақстанда көпбалалы отбасылар бойынша жаңа ай сайынғы жәрдемақы төртінші және бесінші баланың тууын ынталандырды.

Қазақстанда балалардың дүниеге келуін одан әрі зерттеуді 2021 жылдың қорытындысы бойынша туу туралы деректерге ие бола отырып жүргізуге болады. Яғни Қазақстандағы 2021 жылғы бэби-бум жәрдемақының енгізілуі немесе карантин факторы әсер етті ме, соны анықтауға болатынын жеткізді орталық өкілдері.

Серіктес жаңалықтары