57 жастағы Ақтөбе тұрғыны әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап шеруге шықты
Ол – еліміздегі әйелердердің зейнет жасын қысқартуды талап етуші әйелдер қозғалысының өкілі

Ақтөбелік кейуана «Әйелдің зейнет жасы төмендесін» деген плакат ұстап, бір өзі шеруге шықты, деп хабарлайды Диапазон сайты.
Мәдениет үйінің алдында наразылық шеруіне шыққан 57 жастағы Ольга Смирнова – еліміздегі әйелердердің зейнет жасын қысқартуды талап етуші әйелдер қозғалысының өкілі. Ол өздерінің әні мен онлайн-петициясы бар екенін айтты.
"Біздің egov.press сайтында 157 002 адам қол қойған №942 онлайн-петициямыз бар. Аталған құжатты премьер-министрге жолдағымыз келеді. Біздің арамызда өмірінің 20-30 жылын еңбекке арнаған азаматшалар бар. Созылмалы аурулары барлар 55 жасында жұмыс істей алмайды. Бізге зейнеткерлер де қосылып жатыр", – дейді Ольга Смирнова.
Наразылық шеруге жалғыз шыққан әйел зейнеткерлікке шығуды күтіп жүруге денсаулығы жарамайтынын айтты.
«63 жасқа дейін жетем бе, жоқ па білмеймін. Зейнетақы оған жету үшін емес, уайымсыз өмір сүріп, сүйікті ісіңмен айналысып, немере бағу үшін берілмей ме?», – деді наразылық білдіруші.