$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2021, 14:29
Қоғам

«Рfizer вакцинасын мектеп асханасындағы сусындар мен тамаққа қосады»: Атырауда белгісіз әйел жалған ақпарат таратқан

Қазір жалған ақпарат таратқан әйел іздестірілуде

«Рfizer вакцинасын мектеп асханасындағы сусындар мен тамаққа қосады»: Атырауда белгісіз әйел жалған ақпарат таратқан
Фото ашық дереккөзден

Атырауда Рfizer вакцинасын мектеп асханасындағы сусындар мен тамаққа қосады деген жалған ақпарат тараған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, әлеуметтік желіде белгісіз әйел жалған ақпарат таратқан. Ата-аналардың чаттарында таралған хабарламада «Мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға Pfizer вакцинасы қосылуда. Вакцина қосылған тамақты қабылдаған балаларда қауіпті аурудың белгілері, яғни, жүрек айну және құсу байқалуда» делінген.

 «WhatsApp желісінде дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел Pfizer вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдеген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі Pfizer компаниясы өндіріп отырған Комирнати вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта сақталуда. Бұл вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-аналардың келісімімен иыққа салынады. Вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ. Жалған және дәйексіз ақпарат таратушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза көзделген. Құқық бұзушыны іздеу үшін барлық қажетті шара қабылданады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


 

 

Серіктес жаңалықтары