Семейде Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Раджан Батырқановқа құрмет көрсетілді

Azattyq Rýhy

Оның отбасына ақшалай көмек берілді

Семейде Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Раджан Батырқановқа құрмет көрсетілді

Семейде «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі тәжік-ауған шекарасындағы қарулы лаңкестермен қақтығыста батырлық көрсеткені үшін, өмірін сарп етіп, қызметтестерін құтқарғаны үшін жауынгер-интернационалист, шекарашы батыр Раджан Батырқановты «Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы – Нұрмағамбетов Сағадат Кожахметұлы» естелік медалімен қаза тапқаннан кейін марапаттады.

Сонымен қатар, ұйым атынан қаза болған батыр жанұясына 1 миллион теңге көлемінде материалды қолдау көрсетілді.

«Перзентіңіздің ерлік ісі батырлықтың айқын мысалы. Ол тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де мойындалған. Раджан марапатталып отырған естелік медаль – Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов құрметіне аталған. Ол кісі де осындай жаста Кеңес Одағының Батыры атанды», - деді РҚБ президиумының төрағасы Махмұт Телегусов.

Облыстық Офицерлер үйінде өткен салтанатты шарада офицерлер, сарбаздар және жас әскерге шақырушыларға Раджан Батырқановтың ерлік ісі ерекше әсер етті.

Іс-шараны қорытындылай отырып, генерал-майор Телегусов «Әділдік Жолы» РҚБ алғыс білдірді. Ұйым осыған дейін қол қойылған меморандумға негізделіп, салтанатты басқосудың ұйымдастырылуы және өткізілуіне қолдау көрсетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.