Түркістан облысы құрылғалы бері 400-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

2019 жылы 106 адам болса, былтыр 79 оқиға тіркелді

Фото: «Астана ақшамы» газеті

Түркістан облысы құрылғалы бері 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Түркістан облысына сапары барысында облыстағы жемқорлық қылмыстарының статистикасына тоқталды.

«Жыл сайын қылмыстық жауапкершілікке тұрақты негізде 80-нен астам шенеунік жауапқа тартылады. Мысалы, 2019 жылы 106 адам болса, былтыр 79 оқиға тіркелді. Осы жылдың өзінде 50 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың 28-і сотталды», ˗ дейді М.Ахметжанов.

Оның айтуынша, енді сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, оның себептерімен күресу маңызды.