Күндізгі уақытта елдің оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды
«Қазгидромет» РМК қараша айына арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қараша – күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі.
Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, тұманмен, көктайғақ құбылыстарымен, желдің күшеюімен (солтүстік жартысында бұрқасынмен) күтіледі», - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.
3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Карск теңізі аудандарынан ығысатын суық антициклонның ықпалында болады, ауа температурасының төмендеуімен аязды, нағыз қысқы ауа райы болжанады (батыс аймақтарды қоспағанда):
Синоптиктердің хабарлауынша кезеңнің ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.
«Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: екпінді желмен, бұрқасынмен қайтадан жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері термометр бағаналары түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін», - деп жазды «Қазгидромет» РМК.
Күндізгі уақытта елдің оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.