$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 11:45
Қоғам

«Көмірдің тоннасы 20 мың теңге»: Алматы облысында көмір тапшылығы толық шешілген жоқ

Кербұлақ ауданының тұрғындары қыста 74 мың тонна көмір жағады

«Көмірдің тоннасы 20 мың теңге»: Алматы облысында көмір тапшылығы толық шешілген жоқ

Алматы облысында көмірдің тоннасы 20 мың теңгеге жетті. Бұл бағаға тасымалдау құны кірмейді. Ал күн суытқалы көмірге таласқан жұрт тіптен трактордың тиегіш тұсына да шығып алған. Кербұлақ ауданының халқы қараша айы орнаса да көмірмен толықтай қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

50 мыңдай тұрғыны бар аудан қыс мезгілінде 74 мың тонна көмір жағады екен. Ал ауданға тәулігіне небәрі екі вагон ғана көмір келгендіктен тапшылық туындаған. Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Халықтан дүрлікпеуін сұраймыз. Әйелдің жүк тиегіш көліктің көтергішіне мініп алған бейнесі тарады. Мұның бәрі – арандатушылық. Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданының тұрғындарына көмір сатумен «Санчез» (Шұбаркөл) және «СаудаКөмір» ЖШС (Қаражыра) айналысады. Қазан айында Сарыөзек бекетіне 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Барлығы кезекті сақтау арқылы жүзеге асырылуда», - деді Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Кербұлақ ауданының тұрғындары қыста 74 мың тонна көмір жақса, 53 мың тоннадай көмір сатылған. Облысқа тәулігіне орташа есеппен 90 вагон көмір келеді. Күн суытқалы өңірде 926 мың тонна көмір сатылған. Әкімдіктің ақпаратынша көмірдің тоннасы 14 мың тоннадан келгенмен, ол халыққа 20 мың теңгеден сатылады. Бұл бағаға жеткізу құны кірмейді.

«Қоймаларда жазғы кезеңнен қалған қалдық 13,3 мың тоннаны құрайды. Өңірде 77 көмір қоймасы бар, оның ішінде 50 – тұйық, 27 – қойма. Райымбек ауданында «Ойқарағай» көмір разрезі бар. Облыс бойынша көмірдің орташа бағасы 14-14,5 мың теңгені құрайды. Теміржол қатынасы жоқ өңірлерде жеткізу қызметін есепке алмағанда баға 19-20 мың теңгеге дейін барады. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері жаз мезгілінде тұрақты негізде қатты отынды алдын ала сатып алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша, ауа-райының нашарлауымен облыстың көмір қоймалары мен тұйықтарына сатып алушылардың ағыны басталды. Сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік жеткіліксіз болды, бұл көмірдің жасанды тапшылығына алып келді. Көмір тапшылығын болдырмау мақсатында жоспар жасалды», - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Трактордың көмір тиегішіне Тынышкүл Әкімзадақызы шығып алған. Ол көмір сатумен айналысатын «Санчез» ЖШС-ның жұмысын реттеу үшін осы әрекетке барған. Қауіпсіздікті қаперге алмаған тарактор жүргізушісіне де айыппұл салынды. Аудандағы 15 ауылдық окургке 64 ауыл кіреді. Барлығы көмір жағады. Ауыл адамдарының айтуынша кентке күн сайын көмір келмейді. Ауданға екі, кейде төрт вагон көмір күн ара жеткізіледі.

«Белсенділер көмір алдымен тек Сарыөзек кентіннің тұрғындарына таратылсын деп отыр. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір станцияда 10 вагон көмір тұр. Бүгін жартысын, қалғанын басқа күні төгеміз. Қоймаға келетін көмірдің бір вагоны кент тұрғындарына, қалған  төртеуі ауыл тұрғындарына жіберіледі. Қазір қанша адамның көмір алған, алмағанын анықтадық», - деді аудан әкімі.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары