Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы есірткі сатқаны үшін ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қазір уақытша ұстау изоляторында

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қызылорда облысының ішкі істер органдары басшылық құрамының өкілдеріне қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті бүгін сату мақсатында есірткі заттарын сақтағаны үшін қалалық полиция басқармасының бастығын ұстады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шиелі аудандық полиция бөлімі штабының басшысын ұстады. Ұстауға аудан тұрғынының "қылмыстық іс бойынша жәрдем көрсеткені" үшін пара беру туралы өтініші негіз болды.

Күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, тергеу нәтижелері тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.