Отандық вакцинаны өндіруші ғалымдар пәтерлі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ғалымдарға арнап салынған  180 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімдігі

Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне пәтер кілтін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Бердібек Машбекұлы қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

"Жақында ғана облысымызға жұмыс сапарымен келген  президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Сіздер Қазақстанды әлемге тағы бір таныттыңыздар. Біздің елімізде де биотехнологияның дамығанын, жоғары білікті ғалымдардың бар екенін дәлелдеңіздер", - деді әкім.

Облыс әкімінің айтуынша, шетелдерде мұндай өндірісті құруға 3-4 жыл  жұмсалса, біз тоғыз айдың ішінде үлкен зауыт сала алдық. Вакцина дүние жүзінде мойындалып жатыр.