Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлім етті
Қазіргі уақытта орта білім беру мекемелерінде педагог-психологтардың санын арттыру кезек күтірмейтін мәселе болып тұр.
«Күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі – мектепте психологиялық қолдау көрсету қызметін күшейту. Қазіргі таңда еліміз бойынша мектептерде 7 мыңнан астам педагог-психолог еңбек етіп жатыр. Кейбір оқушылар ата-анасы мен мұғаліміне айтпайтын жайттарды психолог мамандарға жеткізіп жатады. «Педагог мәртебесі» туралы заңның аясында аталған мамандардың жалақысы өсті. Сондай-ақ, биыл министрлікке қарасты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы жанынан психологиялық орталық ашылды. Одан бөлек, мектептегі педагог-психолог мамандарының санын көбейту бағытында жұмыс істеудеміз», - деді Дулат Жекебаев.
Сондай-ақ, министрлік өкілі білім беру ошақтарында жұмыс істейтін психолог мамандардың жұмыс алгоритмі қайта қаралатынын атап өтті.