Мемлекет басшысы: Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото ашық дереккөзден

«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.