Тағы да қоқыстан сәби денесі табылды
Бұл жолы шақалақтың мәйітін Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы аула сыпырушы көрген
Төретам кентінің Жанқожа батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің жанындағы қоқыс контейнері жанында жатқан сәбиді аула сыпырушы көрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қоқыс жинап жүрген аула сыпырушы контейнер маңында жатқан шала туған баланың мәйітін тауып алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша іс қозғалды", – деді Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.
Іс ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгін дәл осындай оқиға Шымкент қаласында да тіркелгенін жазған болатынбыз.