«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры қала тұрғындарының сұрауы бойынша арнайы есепшот ашқанын мәлімдеді
Алматыда ұшақ апатынан аман қалғандардың отбасыларына көмек беру үшін есепшот ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры қалалықтардың сұрауы бойынша арнайы есепшот ашқанын мәлімдеді. Қорға түскен қаржы әуе апатынан қаза тапқан және зардап шеккен жолаушылардың отбасыларына беріледі.
Жұмсалатын қаржы шығындарының есебі ашық болатынын айтқан қор өкілдері төменде көрсетілген реквизиттерге ақша аударуға болатынын айтады:
Қор атауы: «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры
БИН : 080740011034
Қор шоты: KZ826010131000165601
БИК: HSBKKZKX «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
КБЕ 18 КНП 119
«Жаңа Алатау» қоры төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезінде азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге бағытталған көмектерді көрсету үшін құрылып отыр.
Қор Алматыдағы бірқатар төтенше оқиғалардың, оның ішінде, 2011 жылы болған қатты желдің, 2012 жылғы Медеу шатқалындағы өрттің, 2015 жылғы Наурызбай ауданындағы селдің, сондай-ақ, 2019 жылғы Арыстағы жарылыстың салдарларын жою мақсатында қаржы жинау жұмыстарын ұйымдастырған.