$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2021, 16:18
Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ұйым қызметкері ойын-сауық мекемелерінің өкілдерінен ақша алды деген күдікке ілінді

Ол өзін мониторингтік топ өкілі ретінде таныстырған

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ұйым қызметкері ойын-сауық мекемелерінің өкілдерінен ақша алды деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкері әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзін мониторингтік топтың мүшесі ретінде таныстырған ол ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін олардың қамқорлығы және карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату бойынша мүмкіндіктері мен өкілеттіктерінің бар екендігін айтып алдаған.

«Оған сенген  ойын-сауық орындарының өкілдері ай сайын күдіктіге жалпы қамқорлығы және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген. Лауазымды тұлғалардың қатыстылығы тексеріледі.

Күдікті адам ұсталды және оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары