Ол қаншама жыл бойы бірге тұрған әйелінен шын аты-жөнін жасырып келген
25 қыркүйек 1 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Іздеу» республикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара барысында Семей қаласындағы криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылға жуық Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген сол елдің азаматын ұстады. Іздеуде болған азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан дене жарақатын салумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Тәртіп сақшыларына келіп түскен жедел ақпараттың нәтижесінде, жылдар бойы жасырынып келген адамды анықтаған. Ол қаншама жыл бойы бірге тұрған әйелінен шын аты-жөнін жасырып келген.
«Қазіргі уақытта аталған қылмыстық қылмыскерді Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.