$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2021, 16:54
Қоғам

«Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтіп жатыр

«Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді
көрнекі фото

Бала туу туралы сұраққа жауап алу нәресте және бала өлімі туралы жан-жақты толық мәлімет жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

«Тірі туған балалардың саны туралы сұрақ, бала туу туралы маңызды деректерді қамтамасыз етеді, оларды кей жағдайда қандай да бір басқа көздерден, оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеудің толық дамыған жүйесінің өзінен алу мүмкін емес. Бұл сұраққа берілген жауаптар бала туу туралы неғұрлым толық ақпаратты ашады, ал санақтан өту сәтіндегі бар балалары туралы сұрақ, нәресте мен бала өлімі туралы маңызды ақпарат береді» - деп жауап берді Н.Айдапкелов, мұндай сұрақтың жалпыұлттық халық санағына не үшін қосылғанын түсіндіріп.

Естеріңізге сала кетейік, көптеген қазақстандықтарды «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, оның ішінде тірісі» деген сұрақ таң қалдырды.

«Әйелдерге 1999 және 2009 жылғы халық санақтарында да балаларының саны, оның ішінде тірі туғандары және олардың қаншасы тірі деген сұрақтар қойылған болатын», - деп түсіндіріп өтті Айдапкелов.

Оның айтуынша, 2021 жылы балалар туралы сұрақтар туылған балалардың жынысы мен туған күні бойынша «ары қарай нәрестелер мен балалар өлімінің ұлдар мен қыздар арасындағы айырмашылығын жанама түрде талдау және есептеу үшін осы сұрақтарға жауап нәтижелерінің жарамдылығын арттыру үшін» қосымша сұрақтармен кеңейтілді.

«Бұл сұрақтарға беріген жауап бала бала туудағы өзгеріс тенденциясын бағалау үшін негіз болады. Халық санағының нәтижесі бойынша туған балалардың жынысы бойынша саны, туған кездегі жыныстардың арасалмағы, когорттық бала туу, туу күнтізбесі туралы деректер алынады», - деп атап өтті Бюро басшысы.

Серіктес жаңалықтары