Қазір бұл мүмкіндікті пилоттық режимде Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары пайдалана алады
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR-код арқылы төлей алады.
Қазір бұл мүмкіндікті пилоттық режимде Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы.
Клиент құжат рәсімдеуге өтініш қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген кезде, кассаға бармай-ақ, мемлекеттік бажды Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларындағы QR-төлем жүйесі арқылы төлей алады.
«Бұрын QR-кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезекке тұрмай-ақ, құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлеу мүмкіндігі бар», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Жеті айдың ішінде қазақстандықтарға паспорттар мен жеке куәліктер беру бойынша 1 577 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг.
QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізілді.