Президент Үкіметке бұл мәселені ең байыпты түрде шешуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде Қазақстанда балалардың мектепті жарты жолдан тастап кетіп жатқаны айтылды. Өйткені олар орта білім алуды қажет деп санамайды. Президент Қазақстан халқына жолдауында осы проблеманы ерекше атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жаһандық өзгерістер жағдайында түлектердің еңбек нарығына шыққанға дейін алған білімінің ескіріп кетуі ықтимал. Сондықтан бейінді министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа болмысқа бейімдеу бойынша кезек күттірмейтін міндет тұр.
Тағы бір мәселе туындады. Тіпті, оны қауіп десек болады: балалар оқуды тастап кетуде. Өйткені олар мектепте білім алуды қажет деп санамайды. Үкіметке бұл мәселені ең байыпты түрде шешуді тапсырамын. Атап айтқанда, қашықтықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру. Біздің біліміміз қолжетімді және инклюзивті болуға тиіс», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қашықтықтан оқыту бірқатар проблемаларды ашқанын атап өтті.
«Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту нәтижелері Ұлттық телекоммуникациялық желілердің тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді – бұл базалық қарапайым білімі жоқ оқушылардың көп болуына әкелді», - деді Тоқаев.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы басталды.
Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.