01.09.2021, 12:32
Қоғам
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін өседі
Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері өзгеріссіз еді
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды