Республика бойынша 354 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Оқу жылы қарсаңында білім беру мекемелерінің санитарлық талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Жаңа оқу жылы қарсаңына ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы әзірлену үстінде. Жаңа карантин талаптарына сәйкес, егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус анықталса, онда ол сыныпты онлайн форматқа көшіруге тура келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 ж.ж оқу жылын дәстүрлі форматта бастау туралы шешім қабылдады. Денсаулық сақтау саласы әкімдіктермен бірігіп осы мектептердің санитарлық дайындығын тексеруде. Бүгінде 354 мектептің оқушыларды қабылдауға дайын емес екені анықталды. Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жалғасады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният егер сыныпта бір баладан КВИ инфекциясын жұқтырғаны анықталса, өзге оқушылармен қатар мұғалімдер де ПТР тестін тапсыру керектігін жеткізді.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан